
Науқас сақтандырылған болса, катарактадан тегін арылуға болады. Қарағанды облысында МӘМС аясында көз бұршағын ауыстыру бойынша операцияларды жеті клиника жүргізеді. Жыл басынан бері мұндай көмекті мыңнан астам пациент алды. Әрбір қызмет үшін қор 280 мың теңгеден астам қаражат төледі.
Пациенттердің орташа жасы – 65-тен 70 жасқа дейін. 90 жастағы адамдар көмекке жүгінетін жағдайлар да бар.
Жасанды көз бұршағын ауыстыра отырып, катарактаны алып тастау Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың көз микрохирургиясы бөлімшесінде сұранысқа ие операциялардың бірі. Мұнда 16 баласы, 50 немересі және 30-дан астам шөбересі бар 82 жастағы батыр ананың екі көзіне де ота жасалды. Туыстарының уайымы сейіліп, бәрі сәтті өтті.
– Қорқудың қажеті жоқ. Хирургия қарт адамдарға көру қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі. Заманауи техниканың арқасында пациенттерді оңалту тез жүріп жатыр, – дейді Көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Динара Тоқсамбаева.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша