«Үздік ауыл әкімі» өңірлік кезеңінің қорытындысы

«Үздік ауыл әкімі» өңірлік кезеңінің қорытындысы

«Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының облыстық деңгейдегі жеңімпазы болып Нұра ауданы Баршын ауылының әкімі Зауре Казанбаевна Муханалиева танылды.

Аталған байқау Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен ұйымдастырылды.

Байқауға облыстың 5 ауыл әкімі, атап айтқанда, Абай ауданының Есенгелді ауылдық округінің әкімі Григорьян Анжела, Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округінің әкімі Куанышбаев Ержан, Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің әкімі Каспаков Арман, Осакаров ауданы Звездный ауылдық округінің әкімі Кудайбергенов Рустем және Нұра ауданы Баршын ауылының әкімі Зауре Муханалиева қатысты.

Конкурстық комиссия шешімді, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін, ауыл тұрғындары арасында жүргізілген онлайн дауыс беру және әдеп жөніндегі уәкіл сауалманасы қорытындыларының, сонымен бірге жобалық жұмыстары мен әңгімелесу нәтижелері негізінде қабылдады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты