
Топар кентінде 100 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болады. Нысанды 2023 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Топар тұрғындары "Ауыл – Ел бесігі" жобасы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын ұзақ уақыт күтті. Өткен жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

Жуырда болашақ іргетастың алғашқы тасы қаланды.

– Ауыл тұрғындары бұл нысанды көптен күткен еді. Олардың арасында әртүрлі деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізген көптеген спортшылар да бар. Жаңа спорт нысаны олардың таланттарын дамытып, спорт әлемінде жаңа жұлдыздарды тәрбиелейтін орынға айналатынына сенімдімін, – деп атап өтті Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов.
Болашақта жаңа екі қабатты кешенде баскетбол, волейбол, үстел теннисімен айналысуға арналған әмбебап зал, үлкен жаттығу залы, күрес залы ашылады.
Болашақ екі қабатты ғимараттың ауданы мың шаршы метрден асады. Ғимараттың алдында паркинг жабдықталады.
– Жаңа ДСК-де 30 жұмыс орны құрылады. Онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті барлық заттар қарастырылған: тактильді жолдар, пандустар, шақыру түймелері. Топарда барлығы 4 мыңға жуық адам спортпен шұғылданады. Бұл балалар да, ересектер де, – деді Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амангелді Нұрмұханов.