
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халықаралық Жастар күніне арналған "Жастар оқиды және кеңес береді" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Экспозицияда қазіргі авторлардың жұмыстары, сондай-ақ қазақ және шетел жазушыларының классикалық шығармалары қойылған.

Көрмеге келушілер Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сырбай Мәуленов, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шаханов, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин, Олжас Сүлейменов, Кэрол Дуэк, Джоан Роулинг және т.б. кітаптармен таныса алады.
Көрме қонақтары үшін арнайы сценарий жасалды, оған сәйкес олар "Тосын таныстық" зияткерлік ойынына қатыса алады. Яғни, авторлармен олардың шығармалары арқылы танысу. Бұл ойын бұрын да өткізіліп, кітапхананың визит карточкасына айналған.

– Көрме жастарға шығарманы саналы түрде таңдауға, оқуға деген қызығушылықты оятуға, классикалық және заманауи әдебиеттерді талдауға және салыстыруға, оқуды жүйелеуге, сондай-ақ адамзаттың жаһандық сын-қатерлеріне байланысты рухани мәселелерді шешу үшін пайдалы ақпарат алуға көмектеседі, – деп атап өтті кітапхананың оқу залының қызметкері Станислав Смирнов.
Көрмеде ұсынылған әдебиеттер кең оқырман қауымға: оқушыларға, ЖОО студенттеріне, педагогтарға, кітапханашыларға және кітап оқуды жақсы көретіндердің барлығына пайдалы болуы мүмкін.
Алғаш рет Халықаралық Жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында аталып өтті.