Шет ауданының Ақадыр кентінде жаңа волейбол алаңы пайда болды

Шет ауданының Ақадыр кентінде жаңа волейбол алаңы пайда болды

Волейбол әуесқойларына Шет ауданының Ақадыр кентінде жаңа алаң сыйға тартылды. Оны Шет ауданы әкімдігімен екі жақты меморандум аясында "Қазсолар-50" ЖШС компаниясы орнатты.

Волейбол алаңы барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді. Ол жастар арасында танымал футбол және хоккей алаңдарының жанында жабдықталған. Жаңа алаңда жақын маңдағы үш мектептің оқушылары мен барлық тілек білдірушілер ойнайтын болады.

– Волейбол алаңы балалар жылы аясында салынып, пайдалануға берілді. Біздің балалар қазір осы спорт түрінен жарысып, дамып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол заманауи стандарттарға сай жабдықталған, – деді Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров. 

Жаңа алаңды алғашқылардың бірі болып Ағадыр кентінің Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Саламат Сымбатұлы өз достарымен бірге сынап көрді. Жас жігіт волейболмен үшінші жыл айналысады.

– Алаң керемет. Ауданымызда спорттың дамып келе жатқанына қуаныштымын. Енді әрбір оқушының сүйікті спорт түрімен шұғылдануға, алға жылжуға ынтасы бар, – деп санайды Саламат.