
Балқаштағы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерде бейнекамералар орнатыла бастады. Олардың бірі қалалық мешіттің жанында пайда болды, тағы төртеуі жуырда орнатылады. Қала билігі Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қаланы санитарлық тазарту жөніндегі тапсырмасын осылай орындап жатыр. Бұл мәселе тұрғындармен өткен кездесу кезінде жергілікті халық тарапынан айтылған болатын.

Жеңіс Қасымбек қалалықтармен қандай мәселелер шешіліп, тағы не пысықтау керектігін айтты.

Көктемде қала жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы туралы мәселе көтерілді. Бірақ сол кездің өзінде тұрғындарға сумен жабдықтау құбырларын жөндеу бірінші орында тұрғанын түсіндірілген болатын. Жыл соңына дейін 22 км орамішілік желілер ауыстырылады. Жолдардың орташа жөндеуі екі көшеде орындалды, тағы екеуіне су құбыры ауыстырылғаннан кейін бірден басталады.

"Қоңырат" шағын ауданында орамішілік желілер тарту жалғасуда. 2022 жылы сорғы станциясының құрылысы басталады. Осы жылыту маусымының өзінде орталық жылумен жабдықтауға 120 үй қосыла алады.

Қаланың сыртқы келбеті да өзгереді. Тәуелсіздік алаңы абаттандырылуда. Бүгінде жұмыстың 60 % орындалды. 18 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері сырланды. Оның ішінде үш үйдің шатыры ауыстырылуда.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында бірнеше жоба орындалуда. "Самал" саябағы мен "Жастар" алаңы абаттандырылады, сегіз жаңа аялдама пайда болады және Жұмысшы кентіндегі Әлімжанов көшесіндегі тротуар жаңартылады.

Сондай-ақ, " Балқаш қаласының суару жүйесін қайта жаңғырту" жобасына, сегіз ауланы абаттандыруға қаражат бөлінді.
Қаланы көгалдандыру мәселесі де шешілуде. Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбековтың айтуынша, екі жыл ішінде 8100-ден астам ағаш отырғызылды. Күзгі кезеңде тағы 1650 көшет отырғызу жоспарлануда. Сондай-ақ Гүлшат кентінде 500 ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар, қала әкімі биыл таунхаустарды, Сәбитов шағын ауданындағы емхананы, "Қоңырат" шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Тоқырау – Саяқ су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталатынын хабарлады.

Тұрғындар облыс әкімімен еркін микрофон форматында кездесу туралы пікірлерін айтты.
– Мен қала және облыс әкімімен кездесулерге бірінші рет келіп отырған жоқпын. Біз қаншалықты жиірек бас қосатын болсақ, соншалықты жақсы, – деп есептейді Балқаш тұрғыны Рамазан Қапасов. – Жүз адам, жүз пікір. Сондықтан әркімнің қаладағы өмірін жақсарту үшін ұсынатын нәрселері бар. Мәселені шенеуніктердің назарына жеткізу керек.

– Бүгін көптеген мәселелер айтылды, – дейді Жеңіс Қасымбек. – Алдымен сумен жабдықтау және кәріз мәселелерін шешу керек деп есептеймін. Осыдан кейін ғана асфальты қайта төсеу қажеттілігі болмас үшін жолдарға кірісу керек. Үлкен проблема – суағарлар. Біз нөсер суы ағатын жүйелерді орташа жөндеу кезінде жабдықтай алмаймыз. Оларды күрделі жөндеу кезінде жасау керек.

Тұрғындармен кездесуден кейін бірден Жеңіс Қасымбек "еркін микрофон" форматында жеке қабылдау өткізді. Негізінен тұрғын үй, абаттандыру және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелер қозғалды. Облыс әкімі олардың әрқайсысын пысықтауды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, өңір әкімі қала және аудан тұрғындарымен кезекті кездесулерді бастайды. Аңдатпалар Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында және @akimat09, Қарағанды әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.