Қарағанды облысында жергілікті бюджеттен білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталды

Қарағанды облысында жергілікті бюджеттен білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталды

Жыл сайын педагогикалық және басқа да басым мамандықтар бойынша мақсатты даярлауға облыстық бюджеттен білім беру гранттары бөлінеді. Биыл олардың саны 90-ға жетті.

Оның ішінде 30 орын – "Педагогикалық ғылымдар" және 60 орын – "Денсаулық сақтау" (резидентура).

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша мемлекеттік тапсырыс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың мынадай бағыттары бойынша бөлінген:

Денсаулық сақтау:

- "Ересектер, балалар жұқпалы аурулары" мамандығы бойынша (резидентура): Қарағанды медицина университеті – 5 орын;

- "Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы" (резидентура): Қарағанды медицина университеті – 10 орын, Астана медицина университеті – 10 орын;

- "Педиатрия" (резидентура): Қарағанды медицина университеті – 5 орын;

- "Неонатология" (резидентура): Қарағанды медицина университеті – 5 орын;

- "Акушерлік және ересектер, балалар гинекологиясы" (резидентура): Қарағанды медицина университеті – 10 орын, Астана медицина университеті – 10 орын;

- "Терапия" (резидентура): Қарағанды медицина университеті – 5 орын.

 

Білім беру:

- бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мұғалімдері: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 2 орын;

- дене шынықтыру: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 10 орын;

- математиктер: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 4 орын, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – 1 орын;

- физиктер: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 3 орын;

- орыс тілі мен әдебиеті: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 4 орын, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті-1 орын;

- шет тілі: Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 5 орын.

Бакалавриат мамандықтары бойынша құжаттарды қабылдау 10–15 тамыз аралығында аталған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында жүзеге асырылады.

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін үміткер құжаттарын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына тапсырады:

 1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

 2) білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезіндегі түпнұсқа);

 3) ҰБТ сертификаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

 4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

 5) жеңілдік санатын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Қарағанды облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша