
15 тамызда Қарағанды орталық саябағының басты сахнасында атақты рок орындаушы Виктор Цойды еске алуға арналған концерт өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы – "Цоевцы" қозғалысы.
Концертте "Кино" тобының әйгілі хиттерін Guitar Galaxy гитара мектебі, "Рок и Роллы" және "11 этаж" топтары орындайды.
Концерттік бағдарламаға қатысқысы келетіндер @_alyona_nechaeva_ ұйымдастырушысына хабарласуы керек.
Іс-шара 20:00-де басталады.