Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жаңа балалар алаңы орнатылды

Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жаңа балалар алаңы орнатылды

Балалар ойын алаңын Қарағанды қаласының жас тұрғындарына демеушілер сыйлады. Қазіргі заманғы кешен Орталық саябақтың аумағында, "Снежок" кафесіне қарама-қарсы орналасқан.

– Алаң толығымен демеушілік қаражат есебінен орнатылды. Ол қатты ағаштан жасалған. Кешенге турниктер, бірнеше сырғанақтар, кішкентай үй кіреді. Алаңды күтумен біз айналысатын боламыз. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын саябақтың барлық нысандарына, соның ішінде жаңа алаңға ұқыпты қарауға шақырамыз, – деді саябақты абаттандыру бөлімшесінің меңгерушісі Әлібек Мұқашев.

Алаңның жанында маусымның соңына дейін ата-аналарға арналған самалжайлар орнатылады.

Саябақта жаңа алаңды қоса есептегенде, үш тегін ойын алаңы бар. Олар саябақтың батыс бөлігінде, көлдің жанында және орталық аллеяда орналасқан.

Саябақта 300-ге жуық бейнебақылау камералары орнатылған.