Виктор Степанов Қарағанды спортының тарихында алғаш рет байдарка мен каноэда есуден әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Виктор Степанов Қарағанды спортының тарихында алғаш рет байдарка мен каноэда есуден әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Қарағандылық Виктор Степанов Канадада байдарка мен каноэда есуден әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Бұл медаль Қазақстан тарихында екінші және Қарағанды облысы үшін осы спорт түріндегі бірінші медаль болды. Осыдан он жеті жыл бұрын ұлттық құраманың өкілі Жомарт Сатыбалдин тұғырдың үшінші сатысына көтерілген болатын.

Қазақстан намысын Халифакста (Канада) жалғыз спортшы – Қарағанды облысының ЖСШМ оқушысы Виктор Степанов қорғады.

Ол 39.44 нәтижесін көрсетіп, 200 м қашықтықта үшінші болды.

Бірінші орын поляк Олексия Колядичпен. Екінші орында неміс Нико Пикерт.

оlympic.kz ⠀