Кішкентай қарағандылықтарды "Керемет" балалар телевизиялық жобасына қатысуға шақырады

Кішкентай қарағандылықтарды "Керемет" балалар телевизиялық жобасына қатысуға шақырады

Қарағанды облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы шығармашылықта, ғылымда және спортта жетістіккер жеткен дарынды балаларды іздейді. "Керемет" таланттар телевизиялық жобасына 3 жастан 12 жасқа дейінгі жас дарындар қатыса алады. Жеке нөмірлер де, топтар да құпталады, бірақ құрамы үш адамнан аспауы керек.

"Керемет" балалар телевизиялық таланттар жобасы әр түрлі жанрдағы және шығармашылық түрлердегі балалардың бірегей қабілеттерін анықтау және ашу, шығармашылық әлеуетін, эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, дарынды және шығармашыл балалар мен олардың ата-аналарын қолдау үшін өткізіледі. Міндетті шарт: нөмір бірегей болуы керек. Мысалы, ғылым мен өзін-өзі танудағы, би немесе вокал жанрындағы бала, спорттағы чемпион, сонымен қатар ерекше жанр – сиқыршы, иллюзионист және басқалар бар", – дейді ұйымдастырушылар.

Жобаның өлшемшарттары:

- шығармашылық нөмірдің бірегейлігі мен қайталанбастығы;

- орындаушылық шеберлік және әртістік;

- сахналық бейне, эстетикалық қабылдау;

- нөмірді рәсімдеу және орындау сапасы (қатысушыны ұсыну, пластика, музыкамен үйлестіру, костюм, реквизит, қолдан жасалған бұйымдар мен суреттер паспортына).

Жобаға қатысу конкурстық негізде МР 4 форматындағы бейнематериалдар бойынша жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша 7–10 қатысушы "Керемет" телевизиялық жобасына қатысуға шақырылады.

Өтінімдер 10 қыркүйекке дейін karonmc@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Өтінім нысанын ресми сайттан жүктеп алуға болады: https://onmcdint.kz.

Байланыс телефондары: (8-7212) 42-50-33, 50-77-04.

"Керемет" телевизиялық жобасына қатысушылар медальдармен және дипломдармен марапатталады.