Нұра ауданында алты отбасы пәтер алды

Нұра ауданында алты отбасы пәтер алды

Нұра кентінде кезекте тұрған алты отбасы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған екі пәтерлі үйлерден тұрғын үй алды.

34 жастағы Гүлсара Шахарбаева 2014 жылдан бері кезекте тұрған. Ол "толық емес отбасы" санаты бойынша пәтер алды. Жалғызбссты әйел ұл тәрбиелеп отыр.

– Мен басқа қалада вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Осы уақытқа дейін біз менің ата-анаммен тұрдық. Бірақ оларға онсыз да оңай емес. Әрине, қуаныштымыз, көптен күткен баспанамызға ие болдық. Ол кең, жарық, жөндеу жұмыстары жақсы, – деп қуанышымен бөлісті Гүлсара. – Көшуге дайындалып жатырмыз, қазірдің өзінде жиһазға тапсырыс беріп қойдық.

43 жастағы Жанар Бейсенова үш бөлмелі пәтер алды. Әйел заттарын тасымалдай бастаған. Ол да "толық емес отбасы" санаты бойынша кезекте тұрды.

– Тұрғын үй кезегінде 2013 жылдан бері тұрдым. Пәтерде барлық жағдайлар бар, – деді әйел. – Ұлым екеуімізге үйіміз өте ұнайды.

Жаңа үйлерге қажетті инфрақұрылым тартылған. Тұрғындар орталықтандырылған су беру жүйесімен, септиктермен қамтамасыз етілген. Пеш бөлек бөлмелерде орналасқан, титан да бар.

Биыл Нұра ауданында кезекте тұрғандарға 16 пәтер берілді. Кезекте әлі 448 адам тұр. Аудан орталығында екі пәтерлі 20 үйдің құрылысы жалғасуда.