Приозерск қаласында қала күніне орай тутұғыр орнатылып, сахна жаңартылды

Приозерск қаласында қала күніне орай тутұғыр орнатылып, сахна жаңартылды

Приозерск қаласының 66 жылдығына орай орталық алаңда тутұғыр орнатылып, сахна жаңартылды. Тәуелсіздік символы қаланың алғашқы құрылысшыларына арналған ескерткіштің аумағында пайда болды.

Тудың ұзындығы – 4 метр, ені – 2 метр.

– Приозерск қаласының Мемлекеттік Туы қаланың биік нүктелерінің біріне көтерілді. Енді біздің еліміздің тәуелсіздік туы жиырма метрлік биіктікте желбіреп тұр. Аумақты абаттандыру бойынша барлық жұмыстар жергілікті демеушілердің күшімен жүргізілді, – деп хабарлады Приозерск қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Біржан Тәкенов. – Онда жарықтандыру жүргізілді, тутұғыр 16 ақ бағанмен қоршалды. Болашақта біз бұл аумақты абаттандыруды, жолды жөндеуді, қоршау орнатуды көздеп отырмыз.

Жаңа құрылымның жанында "Приозерск" деген жазу пайда болды. Ол қаланың басқа бөлігінен ауыстырылды, боялған және жарықтандырылған.

Сондай-ақ, Приозерск қаласында демеушілер есебінен Достық көшесіндегі орталық алаңдағы сахна жаңартылды. Жаңа сахнаның ені – 12 метр, биіктігі – 7 метр, жалпы ауданы – 143 шаршы метр.

– Сахнада тартан жабыны төселген, онда тек әртістер ғана емес, спорттық жарыстар да өткізіледі, – деп қосты Біржан Тәкенов. – Ол алты шаммен жарықтандырылған, алаңның өзіне де жарық шамдары орнатылған. Ескі сахна әлдеқайда тар болды.

Сондай-ақ, қала күні аясында Приозерск қаласының негізін қалаушы С. Д. Дороховтың мемориалына гүл шоқтарын қойып, мерекелік митинг өтті.

Салтанатты шара қазақ күресінен турнирмен жалғасты.

Қала күні "Жыл мекемесі – 2022" конкурс-фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

Приозерск тұрғындары үшін жаңа сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, мерекелік отшашу ұйымдастырылды.