Қарағандылықтарды орталық саябақта өтетін поэзия кешінде күтеді

Қарағандылықтарды орталық саябақта өтетін поэзия кешінде күтеді

Поэзия кеш қарағандылықтар үшін Орталық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылады. Андрей Белавиннің шығармашылық студиясының жас актерлері өмір, махаббат, шығармашылық, табиғат, әлем туралы өлеңдер оқиды.

Поэзия кештерін ұйымдастырушы – актер және "Кинодағыдай" кино мектебінің көркемдік жетекшісі Андрей Белавин. Бірнеше жыл бұрын ол студия ашып, онда осы бір шығырмашылық мамандықтың құпияларын барлық адамдармен бөлісе бастаған.

– Неге поэзия? Себебі поэзия іс жүзінде тәрбиелейді, емдейді. Сондықтан біз бұл мәдениетті халыққа жеткізуді шештік. Саябақ басшылығымен байланысқа шықтық, олар бізге сахнаны берді. Енді бұл тұрақты негізде өтетін шара болмақ. Қалалық саябақтың бізге осындай мүмкіндік, тәжірибе бергені өте керемет, — деді Андрей Белавин.

Өткен жұмада көрермендермен алғашқы кездесу өтті. Қала тұрғындары Күміс ғасыр авторларының шығармаларынан ләззат алды.

12 жастағы Анастасия Ануфриева Андрей Белавиннің шығармашылық студиясында үшінші жыл айналысады.

– Меніңше, өнер – менің болмысым. Мен бес жылдан бері актерлік шеберлікпен айналысамын, содан бері ашық, әлдеқайда жақсы сөйлеймін. Өткен жұмада мен көпшілік алдында Борис Пастернактың "Рождество жұлдызы" өлеңін оқыдым. Мен бұл туындыны мектептегі әдебиет сабағынан жақсы көремін, – деді Анастасия.

Кезекті поэзия кеші 5 тамызда сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін саябақтың жаңартылған сахнасында өтеді.

Іс-шаралар туралы ақпаратты саябақтың Instagram – @park.krg парақшасынан білуге болады.