
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында мәдениеттанушы және режиссер Вениамин Ким 6 тамыз 15:00-де "Өнер – қызық па, әлде қажеттілік пе?" деген атаумен лекция оқиды. Кіру билеттер бойынша. Құны – 200 теңге.
Іс-шара "Мұражайлық арт-терапия" жобасы аясында өтуде.
Вениамин Ким Ташкентте дүниеге келген, сол жерде театр факультетін бітірген. Әскерден кейін Алматыда театрда ойнап, "У заставы "Красные камни" фильмінде және "Шоқан Уәлиханов" телеспектакліне түскен.
Жиырма үш жыл Қарағандыда жұмыс істеді. 2003 жылы отбасы жағдайына байланысты Мәскеуге көшіп кеткен. Ресей астанасында ол мәдениеттану бойынша дәрістер оқиды және бірнеше курстарды, соның ішінде жеке мәдениет бойыншы дәріс береді.