
Қарағандыда журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік тергеуге байқау жарияланды. Бастамашы облыстық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі болып табылады. Бұл идеяны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, Журналистер одағының филиалы қолдады.
Жалпы жүлде қоры 1,6 млн теңгені құрайды. Қазылар алқасы ең жақсы үш жұмысты таңдайды. Гран-при, бірінші және екінші орын үшін сыйлықтар беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 1 тамызда басталып, 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Журналистер мен блогерлер де, редакторлар да қатыса алады. Жарияланымдар, сюжеттер, телебағдарламалар, радиобағдарламалар қабылданады. Жарияланымдар немесе хабарлар циклын ұсынуға болады, бірақ бір автордан бес материалдан аспауы тиіс.
Байланыс телефоны: +7-747-124-46-44 (Вера Шеллер). Электрондық мекен-жайы: v.sheller@atameken.kz.