Егер кассадағы тауардың бағасы белгіленген құнына сәйкес келмесе не істеу керек

Егер кассадағы тауардың бағасы белгіленген құнына сәйкес келмесе не істеу керек

Мұндай құйтырқы әрекеттер жиі кездеседі және қарапайым тұтынушыға байқала бермейді. Осындай жағдайда не істеу керектігін Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Әлия Кулагина айтып берді.

"Кассадағы бағаның көрсетілген құнынан өзгеше екенін көріп, залға барып, қажетті тауардың бағасын суретке түсіру керек. Содан кейін сіз дүкен әкімшісін шақырып, оған тұтынушы құқықтарының бұзылу фактісі туралы, атап айтқанда бағаның айырмашылығы туралы хабарлауыңыз керек.

Осылайша, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-гі бабында былай делінген: сатушы тауарды сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған баға жапсырмасымен ресімделіп көрсетілген құнға сәйкес сатуға міндетті", – деп хабарлайды Әлия Қажыкенқызы.

ҚР Азаматтық Кодексінің 447-ші бабына сәйкес, тауарды белгілі бір бағамен сатып алу туралы ұсыныс - бұл ашық оферта. Тауардың баға белгісі ұсыныстың дәлелі болып табылады. Осылайша, сатып алушы тауарды жаңадан қойылған бағаға келісудің орнына баға белгісінде көрсетілген құнмен сатуды талап етуге құқылы.

"Сонымен қатар, егер сатушы қорытынды бағаны затбелгіде көрсетілгеннен жоғары қойса немесе тауарда баға белгісі болмаса, онда ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 200 АЕК дейін жаза алады. Егер тауар баға белгісінде көрсетілген бағамен сатылса, тұтынушы сатушыдан артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы", – деп хабарлайды департамент басшысы.

Егер сауда нүктесінің әкімшілігі қайтару жасаудан бас тартса, сатып алушы баға белгілеуінде көрсетілген сома мен нақты алынған сома арасындағы айырманы төлеуді талап ете отырып, кәсіпкердің атына шағым жазуға құқылы. Егер сауда объектісінің басшылығы жазбаша шағымға жауап бермесе және ақшаны күнтізбелік 10 күн ішінде қайтармаса, тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органға немесе тұтыну дауын сотқа дейін реттеу субъектісіне өтінішпен жүгіне алады.

Департаментке шағымды E-otinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы, сондай-ақ E-tutynushy тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шағымдарды қабылдау платформасының көмегімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беруге болады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті