
1 тамыздан бастап Қарағанды облысында "Мектепке жол - шекарасыз жақсылық!" жыл сайын өтетін қайырымдылық акциясы басталды. Ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Білім басқармасы мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды, ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді және ниет білдірген кез-келген адамдарды әлеуметтік осал отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға, оларды киіммен, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге көмектесуге шақырады.
Акцияға қатысу үшін мұқтаж ата-аналар өз мектебінің әлеуметтік педагогтарына жүгіне алады. Одан кейін тізімдер аудан әкімдігіне жіберілетін болады.
Білім басқармасында азаматтардың өтініштеріне жауап беретін 41-22-81 сенім телефоны жұмыс істейді, сонымен қатар сұрақтар бойынша мектептер мен қалалық білім бөлімдеріне тікелей хабарласуға болады.
Қарағанды қаласы білім бөлімінің телефондары: (8-7212) 50-78-81 және 41-22-81.
Естеріңізге сала кетейік, "Мектепке жол" акциясы Қазақстанда 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.