
Әлеуметтік қорғалатын санаттағы Теміртау тұрғындарына үйлерді газға қосу кезінде материалдық көмек көрсетіледі. Біржолғы әлеуметтік төлем зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұрғын үй иелері, мүгедек балалары бар отбасылар, сондай-ақ көп балалы отбасыларға беріледі.

Бір жолғы әлеуметтік төлемді алу үшін аталған санаттағы өкілдер Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беруі қажет. Бұл ретте келесі құжаттарды ұсыну тиіс:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) газ жабдығын жеткізумен және орнатумен байланысты тұлғаның (отбасының)шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтер көрсетуге арналған шарт);
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі);
5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
6) Екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
– Біз тұрғындарды табиғи газға қосу үшін газ тарату желілерін жүргіземіз. Шығындарды өтеу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 130 АЕК-ке дейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсете бастады, – деді Теміртау әкімі Қайрат Бегімов.

Айта кету керек, бүгінде Теміртауда 80 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды. 900-ге жуық үй қосылуға қол жетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22, 3-кабинетте орналасқан Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуға болады. Телефоны: 95-55-55.