Қарағанды музыка комедиясы театры 50-ші шығармашылық маусымын "Астана Опера" сахнасында ашады

Қарағанды музыка комедиясы театры 50-ші шығармашылық маусымын "Астана Опера" сахнасында ашады

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры 50-ші маусымын елордалық "Астана Опера" театрының сахнасында ашады. Труппа өзінің үздік спектакльдерін ұсынады.

– Шығармашылық дәстүрімізге сай, біздің театр еліміздің жазғы демалыстан кейінгі өміріне өте белсенді кіріседі, – дейді ҚМКТ жетекшісі Амантай Ыбыраев. – Алғашқы гастроль елордамызға арналады. Жетекші солистер, хор, балет және оркестр өнер көрсетеді. Бұл 100-ден астам адам. Беларусь Мемлекеттік академиялық музыкалық театрының дирижері Николай Макаревич шақырылды.

Астаналық ересек көрермен үшін музкомедия 7, 13 және 14 тамызда өтетін бірнеше спектакль дайындады.

Бұл ресейлік композитор Владимир Баскиннің "Кентервилл сарайының елесі" атты жаңа қойылымы, Максим Дунаевскийдің "Алқызыл желкендер" музыкасына көпшілік сүйіп тыңдайтын мюзикл және Имре Кальманның "Цирк ханшайымы" өшпес классикасы. 

Балалар "Ұшатын кеме", "Самұрық Сиқырлы құсы" және "Алтын балық" музыкалық ертегілерін тамашалай алады.

Жаздың соңғы күндері Қарағанды театры Алматыға сапарға аттанады. Әртістер М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Көрермендерді 25, 26, 27 және 28 тамызда күтеміз. Қарағанды театры "Кентервиль қамалының елесі" және "Алқызыл желкендер" мюзиклдерін, сондай-ақ "Сильва" қойылымын және оперетта жұлдыздарының гала-концертін ұсынады.

Нұр-Сұлтандағыдай балалар спектакльдері де өтеді. Алматыдағы гастрольге Санкт-Петербург қаласының Михайлов театрының шақырылған дирижері Валентин Богданов оркестрлік пультпен шығады.

Елуінші театр маусымы Қарағандыда 19 тамызда "Сильва" классикалық опереттасының қойылымымен ашылады.

2023 жылы музыкалық комедия театры жарты ғасырлық мерейтойын атап өтеді.