"Қазақстан халқына" қоры білім беру гранттарын алуға конкурс жариялайды

"Қазақстан халқына" қоры білім беру гранттарын алуға конкурс жариялайды

"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры "Қазақстан халқына" ҚҚ білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде гранттар мен стипендияларды беруге конкурс жариялады. Бағдарлама 2022–2023 оқу жылына арналған.

Гранттар ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді.

Бағдарламаға 75 жоғары білім беру ұйымы қатысады. Қарағанды облысында гранттар Индустриялық университетке, А.Сағынов атындағы техникалық университетке, Қазтұтынуодағының университетіне және Академик Е. А. Бөкетов атындағы университетке беріледі.

Үміткерлер 10–17 тамыз аралығында таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына өтініш бере алады.

Сондай-ақ, Қор ЖЖОКБҰ-ның ақылы бөлімшелерінде оқитын студенттерге қор қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Студенттер грант және стипендия алу үшін taiburyl.kz сайтында 1–15 тамыз аралығында онлайн-өтінім бере алады.

Бағдарлама туралы толық ақпарат "Қазақстан халқына" ҚҚ сайтында жарияланды. Қор ЖЖОКБҰ-ға түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат бермейді.

qazaqstanhalqyna.kz