
Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағының алты жерінде пикниктерге арналған үстелдер мен орындықтар орнатылды.

"Пикник алаңдары – бұл жақын адамдармен бірге демалуға болатын ағаш үстелдер мен орындықтар. Жалпы, саябақта осындай алты аймақ бар. Сондай-ақ, олардың әрқайсысының жанында урналар бар. Барлық демалушылардан тазалық пен қоқысты қалдырмауды сұраймыз", – деді саябақ қызметкерлері тұрғындарға.
