
Қарағанды облысының кешенді спорт мектебінің оқушылары ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жақсы нәтижелер көрсетті. Қарағандылықтар Қазақстан командасына бес медаль әкелді.

Жарысқа 21 елден 261 спортшы қатысты. Қазақстан атынан 21 спортшы қатысты, олардың үшеуі Қарағанды облысынан. Қарағандылық спортшылардың барлығы жүлдегер атанды.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 102 келіге дейінгі салмақта Никита Абдрахмановқа тең келер ешкім болған жоқ. Ол 354 кг (158+196) жинап, жұлқып көтеруде үздік атанды. Сондай-ақ Никита 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында күміс медальді жеңіп алды.

Осы категорияда ауыр атлет Клим Башаргин 89 келіге дейінгі салмақта жұлқуда үшінші орынға ие болды.

Ал Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иегері атанды.
Спортшыларды Александр Кирюхин, Константин Гончаров және Иван Снегуров жаттықтырады.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Мексикада ұлдар мен қыздар арасында Әлем чемпионаты өтті, онда Никита Абдрахманов (2006 ж. т.) жаттығулардың екі түрінде жеңіске жетті, ал Дарья Балабаюк (2007 ж. т.) қола жеңіп алды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша