Приозерск және Балқаш тұрғындарының назарына!

Приозерск және Балқаш тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тамыздың бірінші жартысында Приозерск және Балқаш тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Кездесу орны мен күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс топтары құрылды.

Балқаш тұрғындары өтініштерін мына телефондар арқылы: (8-71036) 4-19-35, 4-42-61, 4-26-48 жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра алады: inform_kont@krg.gov.kz.

Приозерск қаласының тұрғындары үшін телефон (8-71039) 5-30-06; электрондық пошта мекенжайы: prio_akimat@krg.gov.kz.