
Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында "Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығының филиалы өз жұмысын бастады.

– Көп балалы отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осындай орталықтың біздің ауданда ашылғанына қуаныштымыз. Аналар кәсіпкерлігін қолдауға дайынбыз, – деді аудан әкімі Мұхит Мұхтаров "Шаңырақ" филиалының ашылуында.

Орталықта әйелдердің кәсіпкерлік бастамалары қолдау табады. Сондай-ақ, қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға көмектеседі. Оларға тұрғын үйге кезекке тұру, бизнес бастау, грант ұтып алу және т. б. туралы түсіндіріледі.
Орталық тегін құқықтық және психологиялық кеңес береді. Спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырады. Жаңа мамандықтарға оқыту курстарын өткізеді. Қайырымдылық көмек көрсетеді.
Орталықтың ашылуына келген жиырма көп балалы отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

Жеті баланың анасы Үмітжан Тілеубекқызы "Шаңыраққа" үлкен үміт артатын айтады.
– Біз аналар проблемасын шешу үшін мемлекеттен жүйелі қолдау алғымыз келеді, – дейді Үмітжан Тілеубекқызы.

"Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығы филиалының мекенжайы: Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай-жырау көшесі, 73/2 (редакция).
Байланыс телефоны: +7-701-464-96-76.
Instagram – @qaragandy.analary
Сайт – http://shanraq.kz.

Орталықты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша "Talbesyk" көп балалы аналар Одағы" қоғамдық бірлестігі ашты.