Нұра ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Нұра ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Нұра ауданының Соналы ауылына өрт сөндіру бекеті орнатылды. Ерікті өртке қарсы құраманың құрамына 10 адам кірді.

"Соналыдағы жаңа өрт сөндіру бекеті 2021 жылдан 2023 жылға дейін өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарына сәйкес жабдықталған. Жеке құрам қажетті құралдармен қамтамасыз етілген, – деп хабарлайды Нұра ауданының әкімдігі. – Мұндай бекеттер дала өрттерінің алдын алу және жою үшін қажет, өйткені егер өрт сөндірушілер аудан орталығынан баратын болса, онсыз да санаулы уақыт жоғалады".

Сондай-ақ, жаңа өрт сөндіру бекетіне 20 аспалы өрт сөндіргіш, екі су резервуары, бір жоғары қысымды аппарат және бір мотопомпа сатып алынды. Өрттерді сөндіру үшін еллі мекеннің ауыл шаруашылығы құралымдарының бейімделген техникасы да тартылатын болады.