
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Ұлттық рейтингтегі жетекші орындарды растады.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2022 қорытындысы бойынша ҚарУ еліміздің жетекші көп бейінді жоғары оқу орындарының арасында үшінші орынға ие болды. Көпсалалы өңірлік ЖОО арасында екінші орынға ие болды.
Биылғы жылы Ұлттық рейтингте 31 жоғары оқу орны ұсынылған, оның 10-ы көп салалы ЖОО санатында.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) нұсқасы бойынша академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақстанның көп бейінді өңірлік жоғары оқу орындары арасында бірінші орынды иеленді. Жоғары оқу орындарының талап етілуінің тәуелсіз рейтингінде ол 4-ші орынға жайғасып, тек ұлттық университеттерге ғана жол берді.
Рейтингтер білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді және жоғары оқу орындары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.