
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 29 шілдеде Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдайды.
Кездесу 15:00-де Amanat саяси партиясының ғимаратында (Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4) өтеді. Жеке қабылдау – 17.00-де.
Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының тұрғындары да шараға онлайн-қатыса алады. Кездесуді қалалық және аудандық әкімдіктерден бейне-конференц-байланыс арқылы трансляциялауға болады.
Сонымен қатар, кездесудің тікелей көрсетілімі ТЖ министрлігінің YouTube арнасында болады.
Сағат 16:30-да төтенше жағдайлар министрі брифинг өткізіп, Министрліктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді.