Қарағанды облысының 247 мыңнан астам тұрғыны емханаларда тегін дәрі-дәрмек алды

Қарағанды облысының 247 мыңнан астам тұрғыны емханаларда тегін дәрі-дәрмек алды

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қарағанды облысының емханаларында тегін дәрі-дәрмектерге 716 мыңнан астам рецепт берілді. Оларды 247 мыңнан астам пациент, оның ішінде 19 мың бала алды.

Емханалар үшін тегін дәрілік препараттар медициналық сақтандыру қоры есебінен сатып алынады. Жарты жыл ішінде оларды сатып алуға 9,4 млрд теңге бағытталды. Оның 6,6 млрд. теңгесі – онкологиялық, қант диабеті, туберкулез және т. б. ауруларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған дәрі-дәрмектерге арналған.

– Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген созылмалы аурулары бар пациенттер диагнозы расталған және пациент есепке қойылған кезде препараттарды ала алады, – деп түсіндіреді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Рақышева. – Тегін дәрі-дәрмектерге арналған рецепт терапевт немесе бейінді маманмен тағайындалады. Осы рецепт бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде пациент дәріханада дәрі-дәрмектерді тегін алады.

Аллергиялық ринит, глаукома, эндометриоз және басқа да аурулары бар пациенттер үшін МӘМС пакетінен 2,7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. 398 млн теңгеге ұю факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы бар пациенттер үшін препараттар сатып алынды, 99 млн теңгеден астам теңге эпилепсиямен ауыратын науқастарға, 193,5 млн теңге демікпесі бар пациенттер үшін бағытталды.

Барлығы 141 ауру ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуге жатады. Дәрілік заттарды сатып алуға бюджеттік өтінімге сәйкес биыл 18,7 млрд теңге қарастырылған.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша