Орталық Азия чемпионатында қарағандылық альпинистер 14 медаль жеңіп алды

Орталық Азия чемпионатында қарағандылық альпинистер 14 медаль жеңіп алды

Қарағандылық альпинистер 14 медаль жеңіп алды, оның ішінде алты алтын медальді спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азияның жастар чемпионатында ұтты.

Жарыс Алматыда жасанды рельефте өтті.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан командалары қатысты. Жалпы 111 адам бақ таластырды.

Қарағандылықтар лайықты дайындық деңгейін көрсете білді. Біздің облыстың қоржынында 14 медаль – алты алтын, үш күміс және бес қола.

– Барлық балалар – "Жалын" спорт туризмі мектебінің тәрбиеленушілері, – дейді Қарағанды облысы бойынша ДБО аға жаттықтырушысы Алексей Молчанов. – Біздің облысымыздан 17 спортшы өнер көрсетті. Медальға барлығы қол жеткізе алған жоқ. Спорт – бұл эмоциялар, ал кейбіреулері ол сезімдерін баса алмады. Бірақ болашақта олар өздерін көрсетеді. Тамыз айында біздің бірнеше спортшымыз Америкадағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

"Қиындық" дисциплинасында жеңіске Полина Андреева ие болды. Ол өрмелеу алаңының жоғарғы жағына жеткен жалғыз спортшы болды.

– Мен бұл спорт түрімен 9 жылдан бері айналысып келемін, – дейді Полина. – Жеңіске жету өте қиын болды, өйткені оған көптеген мықты спортшылар қатысты. Ол негізінен алматылықтар. Алматыдағы өрмелеу қабырғасы өте биік, қатты көлбеу. Қарағандыда ондай жоқ. Жаттықтырушылардың жақсы дайындығы мен нұсқауларының арқасында жеңіске жеттім. Эмоциямды жеткізу қиын. Бірінші екеніңді түсінген кезде, керемет әсерге бөлінеді екенсің.

"Жылдамдық" түрінде Денис Бойко құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді.

– Маған бұл спорт түрі өте ұнайды, – дейді Денис. – Бұл жолы өнер көрсету қиын болды: қарсыластар көп. Жарыстарға жарты жылдан астам уақыт дайындалдым. Мен үшін басты қарсылас менің командамның мүшесі Елисей Слепцов болды. Айтпақшы, ол екінші орын алды.

– Ұлымды мақтан тұтамын, – дейді Денистің анасы Елена Бойко. – Мен оны сирек көремін, ол үнемі жаттығады, спортпен шұғылданады. Бұл жолы мен жеңіске деген құлшыныспен кетті, жәнеде солай болды. Жаттықтырушы Галина Смирноваға рахмет! Ұлым шамамен 10 жыл айналысады. Басты мақсат – Олимпиада ойындарына қатысу және жеңіс.