Қарқаралыда спортта жетік көпбалалы отбасы таңдалды

Қарқаралыда спортта жетік көпбалалы отбасы таңдалды

Қарқаралыдағы "Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығының филиалы "Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен" конкурсын өткізді. Жарысқа бес команда қатысты.

Алты турдан тұратын спорттық сайыс Қарқаралы аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.

"Ата-аналар мен балалар жүгірді, секірді — бір сөзбен айтқанда, жарысты. Жеңімпаздар кубокпен марапатталды, барлық қатысушылар кәдесыйлар мен сертификаттар алды", — деп хабарлады"Шаңырақ" орталығы.

Байқау қорытындысы бойынша Әбдірайымовтар отбасы бірінші орын, Оңғарбаевтар екінші, Омарбековтар үшінші орын алды.

— Бірінші орын алғанымызға өте қуаныштымыз. Біз бүкіл отбасымызбен спортпен шұғылданамыз. Мен төрт ұлдың әкесімін. Болашақта олардың отбасыларымен бірге осындай байқауларға қатысып, балаларын ұйымшылдық пен бірлікке үйреткенін қалаймын. Егер конкурстар болса, біз оларға міндетті түрде қатысатын боламыз, — деді жеңімпаз отбасының отағасы Айбек Әбдірайымов.

Отбасылық байқауды Қарқаралы ауданы білім бөлімінің қолдауымен "Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығы ұйымдастырды.