Қарағанды облысында тамызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу басталды

Қарағанды облысында тамызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу басталды

Бүгіннен бастап тамызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу басталды. Ол app.testcenter.kz сайтында шілде айының 30-на дейін жалғасады.

Тамызда тапсырылатын ҰБТ 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде түлектер тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты таңдай алады.

Тамызда өтетін ҰБТ-ға келесілер қатыса алады:

- осы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-на түсу үшін;

- орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілеріне ЖОО-на ақылы негізде қалауы бойынша қабылдану;

- шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелдегі оқу орнын бітірген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-на түсуі үшін;

- ЖОО-ға ақылы негізде күндізгі оқу нысанына қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, ҰБТ нәтижелері сәйкес келмейтін бейіндік пәндер комбинациясымен, ҰБТ нәтижелері жойылған тұлғалар одан әрі күнтізбелік жылы ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін;

- шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша ЖОО-да білім алушылар және ақылы негізде басқа білім беру бағдарламаларына ауысқысы келетіндер;

- "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларына ақылы негізде ауысқысы келетін ЖОО студенттері.

Бұл жолы негізгі ҰБТ-ға қатысқан тестіленушілер бейіндік пәндер комбинациясын ауыстыра алады. Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.

Ұлттық тестілеу орталығының ақпараты бойынша