Қарағандылық спортшылар дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Қарағандылық спортшылар дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Дзюдодан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар екі медальға ие болды. Айзат Наукенова күміс жүлдегер атанса, Аида Тойшыбекова қола жүлде иеленді.

Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілік Бангкокта (Таиланд) өтті. Қазақстан құрама командасының құрамында Қарағанды облысынан үш спортшы өнер көрсетті.

40 келі салмақ дәрежесінде Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Айзат Наукенова екінші орынға ие болды. Дәл осы чемпиондар мектебінің өкілі Аида Тойшыбекова қола медаль жеңді (+78 кг.), "Жас сұңқар" спорт мектебінің жас дзюдошысы Аяулым Қайрат бесінші орынға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Алматыда кадеттер мен жасқспірімлер арасында дзюдодан Азия Кубогы өтті. Сол кезде Аида Тойшыбекова тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, Аяулым Қайрат күміс, ал Айзат Наукенова қола жүлдені жеңіп алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша