
Қарағандыда Қазыбек би атындағы ауданда биыл 13 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Әр аула жеке қарасытырылады – әр аумаққа өзінің эскиздік жобасы әзірленді. Оған жайлылық үшін қажеттінің бәрі кіреді: футбол алаңдары мен балалар алаңдарын орнатудан бастап тұрақтарды асфальттауға дейін.
Жұмыс маусым айында басталды. Кейбір аулаларда түбегейлі өзгерістер жасалды.

Мұқанов көшесі, 16 үй ауласының қорабына бірнеше көпқабатты үйлер кіреді. Мұнда абаттандыру жұмыстары аяқталуда.

Балалар қазірдің өзінде тренажерларды сынап көрді.

Аналар мен әжелер кішкентай балаларымен бірге серуендейді.

Футбол алаңдарын жасанды көгалмен жабдықтау үшін елордалық тәжірибе пайдаланылды. Стандартқа сәйкес: тонап, бұзудан қорғайтын қоршау, доп сыртқа шықпауы үшін жоғарыда тор тартылды, жарықтандыру орнатылды.

Н. Назарбаев даңғылы, 63-үйдің тұрғындары ауланы абаттандыруды бұрыннан өтініп келеді. Аумақтың жағдайы төмен, қараусыз қалған. Қазір бос жерде футбол алаңы, воркаут алаңы, көше тренажерлері бар спорт алаңы пайда болды.

Өткен жылы кеме түріндегі балалар алаңы орнатылды.

Ойын алаңы кеңеюде. Жаңа кешендер де орнатылады.

Кіреберістердің жанында орындықтар мен урналар орнатылды.

Автотұрақтар асфальтталды.

Жақында Н. Әбдіров даңғылы, 22/4 ауласында жаңа футбол алаңы ашылады.

Тренажерлер мен балалар алаңына арналған учаскелер дайындалды.

Ержанов көшесіндегі 37 үйдің ауласында жұмыстар жүргізілуде.

Кезінде жаяу жүргінші жолдарына қырлы тас төсеу кезінде балалар арбалары түсе алатын ыңғайлы жол қарастырылған.


Ескі темір әткеншектер мен құмсалғыштар жақын арада ауыстырылады.

Қырып алып тастаған жер қабаты жол қырына төгу үшін қолданылады.


Жақында Язев көшесі, 7-ші үйдің ауласы да жаңарады.

Жеке сектордың жанындағы шағын құрылыстар да назардан тыс қалған жоқ. Кирпичный көшесіндегі 8 үйдің ауласына асфальт төселді.

Мұнда барлық жергілікті балалар ойнайтын футбол алаңы жаңартылады.

– Жалпы аудан бойынша осы жылға 13 аула аумағын кешенді абаттандыру, 17 балалар ойын алаңдарын орнату жоспарланған. Әр аулаға эскиздік жоба әзірленіп, тұрғындардың ұсыныстары ескерілді. Бүгінде алты аула бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның басым бөлігі орындалды. Ірі ойын кешендерін жеткізу күтілуде. Мердігер – Ақмола облысының елордадағы аулаларды абаттандыру тәжірибесі бар компаниясы. Міндетті түрде отандық мазмұн, жергілікті материалдар қолданылады. Бақылау күн сайын жүзеге асырылады, туындаған барлық мәселелер жедел түрде шешіледі. Барлық жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деп түсіндірді Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Мадияр Жағалбайлы.