
EGov Mobile мобильдік қосымшасында тек бір ғана тәсілмен – биометрияның көмегімен авторлануға болады. Жаңартулар қосымшада көбірек функционалдылықты пайдалануға мүмкіндік береді және қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
EGov Mobile қосымшасында авторизация кезеңінен өту оңай бола түсті. Ол үшін Digital ID бейне сәйкестендіруден өтіп, ЭЦҚ-кілттерін алу қажет.
Толық бейне нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=EBRnNfJlBJA.
Сәтті авторизациядан кейін және ЭЦҚ-кілттерді жасағаннан кейін қосымшаға кейінгі кіру Face ID, Touch ID (саусақ ізі) және/немесе қысқа кодтың көмегімен жүзеге асырылатын болады.
Айта кетейік, бұрын қосымшаға қысқа СМС-код немесе ЭЦҚ-кілттер арқылы кіруге болатын. Енді кіру тек биометрия арқылы болады.
Қазіргі уақытта eGov Mobile қосымшасында eGov.kz-тің және жеке тұлғаларға арналған e-license қызметінің 400-ге жуық мемлекеттік қызметі қолжетімді. eGov Mobile мобильді қосымшасын ай сайын шамамен 2,4 млн қазақстандық белсенді пайдаланады.