Балқаш көлінің жағалауында жаңа Арбат пайда болады

Балқаш көлінің жағалауында жаңа Арбат пайда болады

Приозерск қаласында қала жағажайындағы ескі жолдың орнына жаңа Арбат құрылысы басталды. Балқаш жағалауының өзгеруі туризмді дамыту үшін қажет.

Арбат құрылысы маусым айында басталды. Бүгінгі таңда қырлы тас төселді, орындықтардың бір бөлігі орнатылды, кәсіпкерлер демалушыларға арналған сәкілер мен жылжымалы үйлер қойды. Алда жарықтандыруды жүргізу, жолдарды жайластыру және балалар ойын алаңы, жағажай волейболы, футбол үшін орын дайындау, воркаут-аймақты ұйымдастыру жұмыстары бар.

– Жоба бойынша ауданы 300 ш. м. балалар ойын алаңын, тренажер және воркаут-алаңын орнату, сондай-ақ жағажай-волейбол, сауда-ойын-сауық аймақтары мен этноауыл ұйымдастыру қарастырылған, – дейді Приозерск қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Біржан Тәкенов.

Жаңа Арбатта барлығы 22 орындық, 28 жарықтандыру тіректері және 46 көше шамдары болады.

Сондай-ақ, ол 3D қоршаумен қоршалады, екі қоғамдық дәретхана орнатылады. Дәретханаларда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қажетті жағдайлар болады.

– Қаланың жас кәсіпкерлерінің жұмысы үшін инфрақұрылым жүргізілуде. Бизнес өкілдері де өз тарапынан жаңа Арбаттың дамуына үлес қосады. Көгал отырғызады, өз аумағын көгалдандырады, жағажайды иллюминациялық гирляндалармен безендіреді және тәртіпті сақтайды, – деп қосты Біржан Тәкенов.