
Биыл «Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан атынан Kyle Ruh (Ерік Төленов), ал балалар байқауында Алинур Хамзин өнер көрсетті. Екі орындаушы да байқаудың лауреаты атанды.

Олар кезекті рет қазақстандық вокалдық мектептің жоғары деңгейін дәлелдеді.

Ерік Төленов ұлттық дәстүрді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін мемлекетаралық «МИР» – телерадиокомпаниясының «Песня – Путь к Содружеству» арнайы марапатына ие болды. Сондай-ақ Ерік Төленов халықаралық байқаудың лауреаты атанды.

Ал 12 жастағы Алинур Хамзин балалар арасында осы сайыста екінші орын алды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша