
Саран қаласының көп қабатты үйлерінің аулаларында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер пайда болды. Қалада пилоттық жоба іске қосылды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әзірге бес алаңда 25 түрлі-түсті бак орнатылды. Саран қаласының әкімі Ержан Темірхановтың айтуынша, бұл шаһардың экологиялық сауаттылыққа алғашқы қадамы.
"Қоқысты сұрыптау біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керек. Бастапқыда ыңғайсыз, үйреншікті емес болатынын түсінемін, бірақ тек біз өз болашағымыз үшін, ұрпақтарымыздың болашағы үшін мұны әдетке айналдырып, өз балаларымызға үйрете аламыз. Кез-келген үлкен жол бірінші қадамнан басталады. Бұл қаншалықты күлкілі болса да, экологиялық таза Қазақстанға апаратын жол әрқайсымыздың қоқысымызды сұрыптаудан басталады. Мұнда бәрі анық: біз үйде қоқысты әртүрлі шелектерге, пакеттерге жинап, оларды контейнерге тастаймыз. Барлықтарыңыздан қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!"— деді Ержан Темірханов өзінің Instagram парақшасында.
Қоқысты тікелей полигонда сұрыптаумен қызмет көрсетуші айналысады. Контейнерлерді орнату бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.