
АҚШ-тың Алабама штатындағы ең үлкен қала Бирмингемде Бүкіләлемдік спорттық акробатика ойындары төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады. Бұл осы спорт түріндегі мықтылар арасындағы басты дода. Біздің спортшылар бұл жарыстарда үшінші орынға ие болды.

АҚШ-та ең маңызды жеңіс үшін Қарағандының гимнастика мектебінің акробаттары күресті. Бұл әйгілі жұп "Костенко атындағы шахтаның кеншісі Даниель Диль және экономикалық университеттің студенті Вадим Шуляр".

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері үшін биылғы жыл ерекше болды. Наурыз айында жерлестеріміз жекелеген жаттығуларда әлем чемпионатында алтын және көпсайыста күміс медаль жеңіп алды (Женева қ., Швейцария). Енді міне, тағы бір жаңа жетістік – Дүниежүзілік ойындарда қола марапаттар.
Қарағандыдан барған екінші жұп – әйелдер жұбы болды. Саша Рудакова мен Дамира Талғат дуэті осы спорт түрінде енді ғана қанат жайып келеді. Бирмингемде қыздар төртінші орынға ие болды.
Біздің спортшыларды Сергей Вертянкин, Ботагөз Байбакушева, Ирина Балагутина және Ирина Загриценко жаттықтырады.
Алдағы уақытта акробаттар Азия чемпионатына қатысады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша