Қарағандылықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандылықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандыда "Каскад" сауда үйінде 22 шілде күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүргендердің барлығы, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарының түлектері, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатыса алады. Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бос орындар таңдалады.

"Каскад" сауда үйінің мекен-жайы: Мамыраев шағын ауданы, 24/1.

Байланыс телефондары: (8-7212) 996-397, 996-393.

Whatsapp: +7-775-644-35-80.

@czn_karaganda