
Қарағанды облысының Қарағайлы кентіне 70 жыл толды. Ол 1952 жылы құрылған және құнды және пайдалы қазбалар кен орындарын игеру үшін тірек болды.

Қарқаралы ауданындағы бұл жер түсті металл кендеріне бай. Қарағайлықтар кеніштерде отбасымен жұмыс істейді.

Кенттің мерейтойы Металлургтер күнімен тұспа-тұс келді.

Мерекелік шаралар концерттік және спорттық бағдарламамен екі күнге созылды.

Салтанат өткізу үшін киіз үй қалашығы жайылды.

Далада ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Аламан бәйгеде Қарағанды, Алматы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 22 шабандоз бақ сынады.

Жеңімпазға бас жүлде – автокөлік дайындалды. Бұл "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының сыйы.

"Кентөбе" кенішінде темір кені өндіріледі, "Өркен" ЖШС өкілдігі қызметкерлерінің жартысына жуығы Қарағайлы тұрғындары.

"Өркен Кентөбе" жұмысшыларына Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
– Қарағайлыда өмір бір орында тұрмайды: инфрақұрылым дамып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Біз ауылдың даңқты тарихын, оның дәстүрлерін мақтан тұтамыз. Бірақ біздің басты мақтанышымыз-еңбекқор және мейірімді адамдар. Кенттің болашағы біздің бірлескен жұмысымызға байланысты, – деп атап өтті өз құттықтауында "Өркен" ЖШС директоры Виктор Гафиулов.

Қасым Аманжолов атындағы ауылдан келген 11 жасар Ерасыл 35 шақырымдық жарыста жеңіске жетті. Тікұшақ атты сәйгүлігімен шабандоз мәреге бірінші болып жетіп, жақын қарсыласын бірнеше секундқа басып озды.

Жеңіс қуанышын спортшының жаттықтырушысы Жандос та бөлісті.

Haval F7 кроссоверінің кілтін жеңімпазға Қарқаралы ауданының тумасы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров табыс етті.
