Қарағанды облысының төрт ауданында ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу аяқталды

Қарағанды облысының төрт ауданында ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу аяқталды

«Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, саяқ шегірткелерге қарсы күрес жүргізу мақсатында 4 ауданның мемлекеттік жер қорларына жататын 7890 га алқаптарында химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды (Өңдеу Абай ауданы – 900 га (Есенгелді ауылдық округі), Бұқар Жырау ауданы – 1500 га (Ақбел ауылдық округі), Нұра ауданы – 1950 га (Пржеваль, Егінді, Ақмешіт және Көбейтас ауылдық округтері), Қарқаралы ауданы – 3450 га (Ынталы, Аманжолов және Темірші ауылдық округтер) жерлерінде жүргізілді.

 

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы