Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысының халқымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысының халқымен кездеседі

2022 жылғы 28–29 шілдеде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келеді. Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.

Сонымен қатар министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.

Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), ps_dchs_karg @emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 23 шілдеге дейін қабалданады.

Тіркелу кезінде аты-жөніңізді, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет. («2022 жылғы 29 шілдедегі халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).