
Металлургтер күні қарсаңында, 16 шілдеде қарағандылықтарды шығармашылық ұжымдардың өнері мен спорттық жарыстардан тұратын мерекелік бағдарлама күтеді.
Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
12:00-ден 13:00-ге дейін саябақтың жаңартылған сахнасында шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. "Нұрби" ансамблі концерттік бағдарламаны "Шашу" биімен ашады. Сондай-ақ қарағандылықтар мен қала қонақтарын "Дәуір" вокалдық-аспаптық ансамблі қуантады. Олар "На земле", "Дыма без огня не бывает" әндерін орындайды. Сонымен қатар, вокалистердің жеке нөмірлерінде халық әндері де, жастар арасында танымал шығармалар да шырқалады.
18:00-ден 19:00-ге дейін саябақ сахнасында Baiterek Band тобы өнер көрсетеді.
Сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін ҚСжАО-да спорттық-ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылады. Фитнес және би студиясы саябаққа келушілер үшін Zumba жаттығуын өткізеді, сонымен қатар қонақтарды демонстрациялар, спорттық ойындар, сыйлықтар және жағымды эмоциялар күтеді.

17 шілдеде күні де саябақта қала тұрғындарының назарына түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Сағат 10:00-де каскадты алаңда стретчинг бойынша жаттығу басталады. Жаттығуды @te_amo_dance ұжымы өткізеді. Ниет білдірушілер 8-702-512-48-10 (Елена) нөміріне жазыла аласыз.
Сағат 11:00-де – @zumba.karaganda-дан Zumba жаттығуы.
Сағат 16:00-де Реrѕоnа фитнес-клубының ұжымы Break dance бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырады.
20:00-ден 22:00-ге дейін қала тұрғындары SAHNA №09 тобының жастар музыкалық бағдарламасына шақырылады.

Сондай-ақ, мереке құрметіне Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханада "Мерейлі металлургтер" атты әдеби көрме ұйымдастырылды. Ол 17–24 шілде аралығында жалғасады.

Экспозицияда Тұғырыл Қойшымановтың "Қоңыратта", Әмен Азиевтің "Қазыналы Сарыарқа", Ермағанбет Лұқпановтың "Тұғыры биік Теміртау", Жұмамәди Ибаділдиннің "Жер кіндігі Жезқазған" кітаптары мен басқа да шығармалары қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Металлургтер күні жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді, биыл ол 17-ші шілдеге түсіп отыр.