
"Алтын ғасыр" галереясында Summer soul көрмесі ашылды, онда Қарағанды Суретшілер одағы мүшелерінің, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің 36 жұмысы ұсынылды.

Экспозицияға Владимир Проценко, Петр Кишкис, Бейбіт Мұстафин, Мадихан Қалмаханов, Олег Дроздов, Фания Исламова, Елена Ким және басқа да оннан астам авторлардың жұмыстары қойылған.

Экспозициядағы есте қаларлық жұмыстардың бірі – Петр Кишкистің "Ипостась" деп аталатын триптихі. Ол "Наваждение", "Отрешение" және "Иступение" деп аталатын үш картинадан тұрады. Автор оларды 33 жыл бұрын жазған.

– Триптих Сальвадор Далидің қайтыс болған жылы - 1989 жылы салынды. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді", – дейді Петр Кишкис. – Триптихте мен ұлы, парадоксалды, екіұшты, қызықты сюрреалист суретшінің қайтыс болғаны туралы хабардан кейін өнер сүйер қауымды толғандырған барлық эмоцияларды және Сальвадор Далидің шығармаларының мәнін бейнелегім келді.
Ең қызығы, триптих әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Көрмеге келушілер оның сюжеті әлемнің бейнесін сипаттайтынын мойындайды.

Автордың "Мираж" және "Қаладағы адам" атты басқа жұмыстары экспозицияда ерекше қызығушылық туғызды.

Сондай-ақ көрмеде Владимир Проценконың "Бурабай", "Бульвар шамдары", Бейбіт Мұстафиннің "Қалыңдық", Олег Дроздовтың "Қаладағы көктем" картиналары қойылған.

– 36 жұмыс, кенеп, маймен салынған туындылар қойылды. Жанр бағыты да әртүрлі – пейзаждар, натюрморттар және дерексіз композициялар. Негізінен жұмыстар Қарағандыға арналады, – деп атап өтті көрме кураторы Бибігүл Исполова. – Көрермендер бұрын көрген картиналар да бар, сондай-ақ суретшілер алғаш рет ұсынған мүлдем жаңа картиналар да бар. Экспозиция шілде-тамыз айларында жалғасады.

Summer soul көрмесінің атауы жаздың жаны деп аударылады. Ұйымдастырушылар мұндай сөз тіркесін кездейсоқ таңдаған жоқ. Олар Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтарын жаз бен суретшілердің шығармашылығын тамашалауға шақырады.
