
Қарағанды облысында құтқарушылар Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарымен бірлесіп су тасқынына дайындықты бастады. Өңірде жағалауды нығайту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыстар Нұра, Солонка және Ақбастау өзендерінің жекелеген учаскелерінде басталды. Онда техникалар жұмылдырылды, ағаштарды тамырымен жұлу, басқа өсімдіктерді кесу, еңістерді жоспарлау түріндегі жұмыстар жүргізілуде, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Бұқар Жырау ауданындағы Ғ. Мұстафин атындағы кент маңындағы Нұра өзенінің учаскесі қаралды. Бұл жұмыстарды "Толағай-2050" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. 12 адам және 9 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Барлық учаскелердегі жұмыстарға 50 адам және 34 бірлік техника қатысады.

Барлық осы шаралар су тасқыны кезінде судың апатсыз өтуін қамтамасыз етуге және елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша