
19 шілдеден бастап Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында " Ван Гог. "Құпия данышпан және ақылсыз адам" көрмесі өтеді. Келушілер үшін тегін экскурсиялар ұйымдастырылады.

Ван Гог өмірінде 930 картина және 1100 сурет пен эскиздер жазды. Көрмеде шебердің әйгілі сюжеттері де, аз танымал, бірақ шедеврларынан кем түспейтін үлкен картиналар ұсынылады. Олардан Ван Гогтың суретші ретіндегі бүкіл шығармашылық жолын байқауға болады.

Көрменің тоқсан картинасы табиғи кенепте өлмес жауһарларды қайта жаңғыртуға мүмкіндік беретін "жикле" техникасында жасалған. Бұл техникадағы суреттерде суретшінің түпнұсқадағы қылқаламдарының қылшықтарын да көруге болады.

Ван Гогтың өмірі туралы экскурсия барысында біле аласыз. Бұл ересектер үшін де, балалар үшін де қызықты болады. Тегін экскурсияға бару үшін кіру билетін сатып алған соң, көрменің ресми сайтына жазылу керек.

Экспозицияның жұмыс кестесі: сейсенбі-жексенбі 10:00-ден 18:00-ге дейін, дүйсенбі – демалыс.
Көрме 18 қыркүйекке дейін жалғасады.
Толық ақпаратты және кіру билеттерінің құнын мына телефон арқылы білуге болады: (8-7212) 47-87-00.