
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.
Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.
Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т. б.
Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады.
Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚКО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.
Қарағанды облысында коммерциялық қызметтер көрсетілетін ХҚКО-лар мынадай мекенжайлар бойынша қолжетімді:
Қарағанды қаласы № 1 ХҚО Ержанов көшесі 47/3
Қарағанды қаласы № 2 ХҚО Чкалов көшесі 7
Қарағанды қаласы № 3 ХҚО Шахтер көшесі 5/2
Қарағанды қаласы № 4 ХҚО Архитектурная көшесі 8
Қарағанды қаласы № 5 ХҚО 21 шағын ауданы 6/7
Қарағанды қаласы № 6 ХҚО Серова көшесі 73
Теміртау қаласы № 1 ХҚО Блюхера көшесі 23
Теміртау қаласы № 2 ХҚО Республика даңғылы 128
Абай ауданының № 1 ХҚО Абай көшесі 54
Абай ауданының № 2 ХҚО Топар кенті, Қазыбек би көшесі 3
Ақтоғай ауданының ХҚО А. Бөкейхан көшесі 10
Балхаш қаласы ХҚО А. Бөкейхан көшесі 20
Бұқар жырау ауданы ХҚО Қазыбек би көшесі 49Б
Қарқаралы ауданы ХҚО Т. Аубакиров көшесі 21
Нұра ауданы ХҚО Сулейменов көшесі 2
Осакаров ауданы ХҚО Пристанционная көшесі 12
Саран қаласы ХҚО Жамбыл көшесі 85
Шахтинск қаласы ХҚО А. Құнанбаев көшесі 65Б
Шет ауданы № 1 ХҚО Жапақов көшесі 23/1
Шет ауданы № 2 ХҚО Ақадыр кенті Тәуелсіз Қазақстан көшесі 4
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ ақпараты бойынша