
Балқашта қала әкімінің гранттары байқауына жастардан өтінімдер қабылдау басталды. Қаражат ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген жас кәсіпкерлерге бөлінеді.
Байқауға 18–29 жас аралығындағы балқаштықтар қатыса алады.
Грант сомасы – 2 миллион теңгеге дейін.
Өтінімдер 26 шілдеге дейін қабылданады.
Қажетті құжаттар тізбесімен Балқаш қаласы әкімдігінің Instagram әлеуметтік парақшасынан –@balqash_qalasy_akimdigi танысуға болады.
Конкурс туралы толық ақпаратты (8-71036) 4-47-11 телефоны арқылы білуге болады.