
ХҚКО-да паспорттарды, жеке куәліктерді, тұру ықтиярхаттары және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру бойынша қызметтерді алған кезде клиенттердің белгілі бір санаттары мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлікті кім тегін ала алатыны жайлы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төлеуден келесі азаматтар босатылады:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
- Кеңес Одағының және Социалистік Еңбек Ерлері;
- барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;
- қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратындар;
-жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
- Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
"Егер жеңілдік санатындағы өкіл бола отырып, сіз қателесіп мемлекеттік бажды төлеген болсаңыз, онда өз ақшаңызды қайтара аласыз. Ол үшін алдымен ІІМ аумақтық органына жүгініп, жеңілдік санатын растайтын құжатты ұсыну қажет. Орган төленген түбіртектің талап етілмегені туралы анықтама береді. Бұл анықтамамен ХҚКО жүгіну немесе eGov арқылы соманы қайтару үшін өтінім беру қажет", – деп түсіндірді Мемлекеттік корпорацияда.
Өтінішті қабылдағаннан кейін салық органы 5 жұмыс күні ішінде клиенттің шотына қате төленген соманы қайта түсіреді.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ